Ауылдасымен жанжалдасып қалған жігіт, үйін өртеп жіберді

Источник: 7152.kz
Мағжан Жұмабаев ауданында ауыл тұрғыны көршілерінің бірімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 мамырға қараған түні М.Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Тілсіз жаудан  ешкім зардап шеккен жоқ. Сол күні үй иесі жалғызбасты 52 жастағы әйел танысының үйінде түнеген екен. Ол полицейлерге жуырда таныс адамымен жанжалдасып, оның қоқан-лоқы көрсеткенін айтқан. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де үйдің қасақана өртелгенін анықтады. Баспанаға от қойды деген күдікке бұрындары істі болған 42 жастағы тұрғын ілікті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
-Ұсталған кезде күдікті мас күйінде болған, — деп нақтылады аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Бимендин. — Күдіктінің айтуынша, ол аулада тұрған диванның үстіндегі көрпеге от қойған.  Аталған факті бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайын толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Тағы да оқыңыздар: Президент жерді шетелдіктерге жеке меншікке және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды
 
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные