Бір ауылда бірнеше үй отқа оранды

Источник: 7152.kz
Қызыжар ауданындағы Желяков ауылында өрт шығып, үш тұрғын үй, үш бос тұрған үй және қора-қопсы жанып кетті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2 мамыр күні орын алған. Сағат 13.24-те 101 нөміріне Қызылжар ауданындағы Желяков елді мекенінде қураған шөп өртеніп,қатты желдің салдарынан от үйлерге тигені  жайында хабарлама түседі. Ауылға жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімшесі 30 км қашықтықта, ал аудан орталығына дейін 91 км болған. Сондықтан алғашқы өрт сөндірушілер тек 28 минуттан кейін ғана жеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға  үш өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары және жергілікті атқарушы органнан – 50 адам және 15 техника жұмылдырылды. Бірақ сол күні болған, екпіні  секундына 28 метрге дейін жеткен дауыл, құтқарушылардың жұмысын қиындата түсті.  Салдарынан 3 тұрғын үй, 3 бос тұрған үй және аумағы 501 шаршы метр болатын шаруашылық нысаны жанып кетті. Өрт тек сағат 20.25 минут кеткенде толық сөндірілді. Қаза тапқандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша, белгісіз біреулер қураған шөпті өртеген.
Қызылжар ауданы Желяков елді мекенінде 51 тұрғын үй бар, 128 адам тұрады. Үйлері жанып кеткендер уақытша туған-туыстарына орналастырылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов, әлеуметтік желідегі өз парақшасында зардап шеккенерге көмек көрсетілетіндігін жазды. Қазір ауылда Қызылжар ауданы әкімдігі мен мәслихатының өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Тағы да оқыңыздар: Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные