Ел аралап, ұрлық жасаған жігіт ұсталды

Источник: 7152.kz
Солтүстікқазақстандық полицейлер Ғабит Мүсірепов ауданында жолда ел кезіп ұрлық жасап жүрген ұрыны ұстады. 37 жастағы қарағандылық  еліміздің барлық қалаларында арам ойын жүзеге асырып отырған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Өткен аптада Петропавлдағы бутиктердің бірінің иесінен 600 мың теңгеден аса ақшасы бар әмияны ұрланған. Тәртіп сақшылары ұрының ізіне бірден түсті.  Себебі қылмыскердің жасаған іс-әрекеті, сонымен қатар алған жедел ақпараттан полицейлер есепте тұрған және де басқа өңірдегі әріптестеріне жақсы таныс болған.Полицейлер оны «ізін суытпай» кешке қарай Новоишимское ауылынан шығар жерде ұстады. Оның машинасынан ұрланған ақша табылды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
-Семейный супермаркетіндегі бутиктерінің бірінен жасалған ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған факті бойынша Қарағанды қаласының бұрын сотталған тұрғыны қолға түсті. Қазіргі таңда бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды- дейді Петропавл қ. ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысы Ердәулет Ахай.
Тағы да оқыңыздар: ХҚКО-лар «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін болады
 
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные