Халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Источник: 7152.kz
Оқиға 15 мамырда «Петропавл» теміржол өткізу пунктінде «Челябі – Петропавл» қатынасындағы жүк пойызы вагондарының арасындағы платформада орын алды, деп  хабарлайды 7152.kz тілшісі inform.kz сілтеме жасап.
«Петропавл» темір жолы өткізу бекетінде «Челябі — Петропавл» бағыты бойынша жүретін жүк вагондарының арасындағы тұғырнамадан оператор бейнебақылау арқылы вагондар арасындағы қарайғанды байқап қалған. Түскен мәліметті тексеру үшін жедел аттанған шекара жасағы «П» есімді РФ азаматын ұстады.
Тексеру шаралары барысында ұсталған тұлғаның халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Материал сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу бойынша бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Көліктегі полиция департаментіне берілді.
Тағы да оқыңыздар: Өңірде құтырма ауруының 9 ошағы тіркелді
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные