Источник: 7152.kz
Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында осы жылдың наурыз айында туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Нәрестенің қайтыс болғаны туралы хабарлама Қызылжар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 7 мамырда келіп түсті. Сәбидің денесінде ешқандай жарақат белгілері анықталған жоқ. Ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталмыш фактіні полицейлер тергеуде.
25 жастағы анасының айтуынша, 7 мамырда баласын тамақтандыру үшін таңертеңгі сағат 5-те оянады. Баласын емізіп болған соң ұйықтатып, кейін өзі де ұйқыға кеткен. Шамамен 7:30-да оянғанда, ол нәрестенің демалмай жатқанынын байқайды. Туыстары фельдшерді шақырады, ол болса баланың көз жұмғанын тіркеген.
— Қазіргі уақытта аталған факті бойынша істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне адамның қайтыс болу фактісі бойынша тіркелді, — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар: Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін атып өлтірді
Источник: 7152.kz