Облыста кәсіпорында бір адам мерт болды

Источник: 7152.kz
Биыл облыс кәсіпорындарында 4 қайғылы оқиға орын алып,  салдарынан  бір адам мерт болды. Соңғы оқыс оқиға сәуір айында «Зенченко» командиттік серіктестігінде орын алған. Жұмысшы кәсіпорында мерт болды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Мирас Сабағановтың айтуынша,«Зенченко» командиттік серіктестігінде орын алған қайғылы жағдай туралы жұмыс берушінің өзі хабарлапты.
— «Зенченко» командиттік серіктестігінде адам өліміне әкелген оқыс оқиға тіркелді. Жұмыс беруші инспекцияға бұл жағдай бойынша өзі хабарласты. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылды. Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаның себептерін анықтаймыз. Қайғылы оқиға көбіне жұмыс беруші тарапынан қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеуден және жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерінің сақтамауларынан болып жатады — деді СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары  Мирас Сабағанов.
Жыл басынан облыс ұйымдарында 55 тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 159 дерегі анықталды. 28 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,2 млн теңге айыппұл төлеген. Сонымен қатар өңірдің 13 кәсіпорны 1107 жұмысшыға 101,6 млн теңге еңбекақысын уақытында төлемеген. Еңбек инспекциясы тарапынан арнайы тергеу жүргізіліп 96,2 млн теңге жұмысшыларға қайтарылыпты.  
Тағы да оқыңыздар: ЭКО арқылы балалы болуға 208 квота бөлінді
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные