Источник: 7152.kz
СҚО-да әйелін өлтірді деген күдікпен 58 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөзінің хабарлауынша, оқиға мамырдың 10 күні Тимирязев ауданы орталығында орын алған. Сағат 17.15-те аудандық полиция бөліміне Тимирязеводағы үйлердің бірінен атылған мылтықтың дауысы естілгені туралы хабар түседі. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары үйдің ауласында 1962 жылы туған әйелдің денесін анықтады. Сондай-ақ үйде оқ жарақатын алған 2007 жылы туған қыз болады. Қыз бала ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен, 1962 жылы туған үйдің иесі уақытша ұстау изолятрорына қамалды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мас күйде әйелімен жанжалдасып, кейін «ИЖ» маркалы қарудан атқан. Нәтижесінде әйел сол жерде көз жұмған. Ал, үйде бірге болған немересі жарақат алды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты тексеру ге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Тағы да оқыңыздар: Ұжымдық діни іс-шараларды өткізуге рұқсат берілді
Источник: 7152.kz