Петропавл тұрғыны көлікпен Есіл өзеніне түсіп кетіп, қайтыс болды

Источник: 7152.kz
Балық аулауға шығып, көлікпен суға кеткен ер адамның денесін құтқарушылар Есіл өзенінен алып шықты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі
СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,  оқиға 22 сәуірде  түнде болған. Екі азамат «Toyota surf» көлігімен Қызылжар ауданы Қызыл Яр елді мекенінің маңындағы Есіл өзенінде балық аулауға шыққан.  Ұйықтамақ болған кезде балықшылардың дөңде тұрған машинасы өзенге сырғып кеткен. Көлік жүргізушісі өздігінен шығып, аман қалды. Ал , жолаушысы көз жұмды.
-Хабар түсісімен-ақ оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқару тобы жіберілді. Сүңгуірлер сағат таңғы 6.00-ден іздеу шарасын бастады. Тек сағат 11.00 шамасында ғана автокөлік жағалаудан 30 метр жерден табылды. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, полиция қызметкерлерінің қатысуымен көлік судан шығарылған. Оның ішінен жолаушының мәйіті табылды- дейді СҚО ТЖД бөлім бастығы Сәкен Ағзамов.
Қаза тапқан ер адам 39 жаста, Петропавл тұрғыны. Алдын ала болжам бойынша, олар балық аулаған. Спирттік ішімдік ішкен. Қазіргі кезде сотқа дейін тергеу амалдары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады.
Тағы да оқыңыздар: Петропавлда 9 мың азамат қоғамдық көлікте тегін жүре алады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные