Источник: 7152.kz
СҚО полиция департаменті баспасөзінің мәліметінше оқиға мамырдың 27сі түнде орын алған. Бұл жайында полицейлерге дәрігерлер хабарлапты. Ақ халаттылар пневматикалық қарудан жарақат алған екі қала тұрғыны жүгінгенін айтқан. Денеде тұрып қалған оқтар алынғаннан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Криминалдық полиция бөлімінің мамандары аталған факті бойынша тексеріс жүргізді. Нәтижесінде белгілі болғандай, азаматтар «Borner» газбаллон пневматикалық тапаншасын абайсыз қолданған. Зардап шекендер, пистолетті өздерімен бірге балық аулауға барған кезде ала шыққан. Айтуларынша, қарудың оқталмағанына сенімді болыпты.
-Калибрі 4,5 мм-ден аспайтын пневматикалық қару тіркеуге жатпайды. Алайда кез келген қаруды қолданған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция майоры Құрман Мусин. — Ережелер қарапайым: қару-жарақты оқтаулы күйде ұстамаңыз, оны ешқашан адамға бағыттамаңыз. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін полицейлер қару иелеріне тұрақты түрде тексеру жүргізеді, оны сақтау, тасымалдау және пайдалану жағдайларына бақылауды жүзеге асырады.
Тағы да оқыңыздар: Биыл облыс ауылдарының 83,5 проценті таза ауыз сумен қамтылады
Источник: 7152.kz