Источник: 7152.kz
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үш аптада 32 қару тәркіледі, – деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда ойық ұңғылы винтовка тәркіледі. Полицейлер 42 жастағы азаматтың үйінен тіркелген екі аңшы мылтығынан басқа заңсыз сақталған оптикалық көздеуіші бар винтовканы анықтады. Қару сараптамаға жіберілді, болжам бойынша бұл калибрі 5,6 мм ТОЗ қаруы. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
–Бұл облыста «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде анықталған ойық ұңғылы қаруды заңсыз сақтаудың екінші фактісі, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.
Акция 17 мамыр бастау алған. Мақсаты – қарумен қылмыс жасау қаупін төмендету. Іс-шара басынан заңсыз сақтаудағы атыс қаруының 22-сі алынды. Бүгінгі күні полицейлер 5,5 мыңнан астам қару иелерін тексерді. Олардың тарапынан қару сақтаудың 147 бұзушылығы анықталды. Көбіне сейфтерінде қаруға қатысы жоқ заттарды сақтайды: ақша, бағалы заттар. Бұған тыйым салынған және бұл бұзушылық болып табылады. Сонымен қатар сейфтің дабылы жарамсыз болып жатады. Бұдан басқа тексеріс барысында азаматтық қаруды қайта тіркеу мерзімдерінің 22 бұзушылығы анықталды. Барлығы 32 қару алынды, оның 20-сы тіркелмеген тегіс ұңғылы, бір газды және тоғыз электрлі қару.
Тағы да оқыңыздар: Петропавлда теннис үйірмесіне балалар тегін қатыса алады
Источник: 7152.kz