Шал ақын ауданында жүк көлігі аударылды

Источник: 7152.kz
27 сәуірде  Шал ақын ауданы Бағанаты ауылы маңында құм тиелген «ЗИЛ» жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы бүгін 17.30 шамасында орын алды.  1971 жылғы Сергеев қаласының тұрғыны құм тиелген жүк көлігін басқара алмай, аударылған.  Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
СҚО ПД мәліметінше, аталған фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610 бабының 1 тармағы «Көлік құралдарының бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша құжаттар жиналуда. Кейін материал процессуалды шешім шығарылу үшін сотқа жіберілетін болады.
Тағы да оқыңыздар:Қазақстанға Қытайдың Sinopharm вакцинасы жеткізіледі
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные