Суға кеткен 8 жастағы қыздың денесі табылды

Источник: 7152.kz
Есіл ауданы Покровка ауылында жоғалған қыздың денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
8 маусым күні әжесіне қонаққа келген 8 жастағы қыз немере ағасымен өзенге шомылуға барады. Кейін оны қатты ағыс алып кеткен. Қыздың жоғалғаны туралы хабарды әжесі учакскелік инспекторға айтады. Сол күннен бастап іздеу  жұмыстары жүргізілді. Оған ТЖД, ПД, еріктілер, жедел құтқару жасағының мамандары жұмылдырылды. Қыздың денесі 13-ші маусым таңғы  сағат 7-ден 35 минут кеткенде Покровка ауылынан 7 шақырым жерде Есіл өзені бойынан табылды. 
Жыл басынан облыстағы өзен-көлдерде 7 адам суға кетті. Оның 3-еуі бала.
Тағы да оқыңыздар: Гербицид ұрлаған ауыл азаматтары ұсталды
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные