БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ БАР

Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы барлық мектептер мен колледждерге бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Айнагүл Сұрағанова айтты.

Ата-аналарды алаңдатып отырған мәселе бойынша баяндама жасаған Айнагүл Ағыбайқызы 200 шақты мектеп пен барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бейнекамералары облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылғанын жеткізді. Алайда кейбір мектептерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиісті талаптарға сай еместігін де жасырмады.

462 мектептің 390-ы мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілмепті.

Ал 395 білім ошағында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор жоқ.  Мағжан Жұмабаев ауданында 41 мектепте 3 инспектор ғана жұмыс істейді. 200-ден астам мектепте дабыл түймелері жоқ екені анықталған. Сонымен қатар барлық дерлік мектепте турникет орнатылмаған. 400-ге жуық мектепте күзет ұйымдарының пультіне қосылған күзет дабылы жоқ.

Ақжар ауданындағы 24 мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам бекітілмеген.

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные