Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері субсидиялау саласын жетілдіруде белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуде

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау үшін өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өтті. 2021 жылы аталған салаға өңірде 50 млрд.теңгеге жуық қаражат бөлінді.

«Соңғы 5 жылда республикада ауыл шаруашылығын қолдауға бюджеттен 1 трлн.теңге бөлінсе де, субсидия беру тетігі ашық емес және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салалардың бірі болып табылады. Фермерлердің көпшілігі үмітін үзіп, субсидияларды заңды түрде алуға болатынына сенбейді. Мұны үнемі анықталатын жымқыру фактілері мен қылмыстық істер дәлелдейді.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының жоғары әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне республика көлемінде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына кешенді талдау жүргізуді тапсырды», — деді СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының м.у.а. Нұрлан Жахин.

Атамекен

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен диалогқа Агенттіктің орталық аппаратының өкілі, өңір бойынша жұмыс тобының үйлестірушісі Талғат Садинов, ҚР АШМ өкілі, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мамандары қатысты.

Фермерлер өзекті проблемалары туралы ашық айтты. Оның ішінде АШТӨ қажеттіліктерін толық қанағаттандырмайтын және жаңғыртуды қажет ететін «Qoldau.kz» және «Plem.kz» жүйелері, субсидиялауға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарламалардың жоқтығы, субсидияларды бөлу процестерінің айқын болмауы және олардың уақтылы берілмеуі, сондай-ақ заңнамада регламенттелмеген басқа да көптеген әкімшілік рәсімдер.

«Алдын ала талдау қорытындысы бойынша біз өңірлерде субсидия берудің қолданыстағы практикасын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жетерлік, егжей-тегжейлі зерделеу мен жетілдіруді талап етеді деген қорытындыға келдік.

Сонымен қатар, бұл жұмысты тікелей қызмет алушылар болып табылатын және барлық проблемалық мәселелерді білетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көмегінсіз тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған байланысты, талдаудың толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлықтарыңыздан белсенді азаматтық ұстаным танытуларыңызды сұраймыз» — деді Талғат Садинов.

Өз пікірін немесе ұсынысын жасырын түрде білдіргісі келетіндер үшін электрондық пошта әрекет етеді taldau@antikor.gov.kz, сондай-ақ +7 778 668 99 20 WhatsApp нөмірі.

Кеңес барысында бірқатар ұсыныстар айтылды, олар Жұмыс тобы мүшелерінің назарына алынды.

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные