СҚО-да учаскелік полиция инспекторларына жаңа автокөліктердің кілттері табысталды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің автопаркі жаңа қызметтік көліктермен толықтырылды. «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басымды міндет. Материалдық-техникалық базаны жақсарту және заманауи техникалармен жабдықтау оң нәтижелерін беруде. Соңғы 5 жылда қылмыстылықтың азаю тенденциясы байқалуда», — деп атап кетті облыс әкімі Құмар Ақсақалов. Қазақстан полициясы күні қарсаңында өңір басшысы жұмыста жоғары көрсеткіштермен ерекшеленген қызметкерлерге грамоталар мен алғыс хаттар табыстады.

86

86 отандық автокөлік облыстық бюджет есебінен лизингтік қаржыландыру аясында сатып алынды. Барлық көліктер учаскелік полиция инспекторларының жұмысына арналған. Сатып алынған көліктердің басым бөлігі ауылдарға жол тартады, онда бір учаскелік полиция инспекторы бірнеше елді мекенге қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскенің бір-бірінен ара қашықтықтары 100 шақырымға дейін созылуы мүмкін.

Еліміздің Президенті өз Жолдауында жұмыстың сервистік моделіне көшу шеңберінде «жұртқа жақын полиция» қағидатын жүзеге асыру міндетін қойды. Ол учаскелік полиция инспекторының нәтижелі жұмысы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуы керек екенін атап өтті. Осы тапсырманы орындау үшін Солтүстік Қазақстан облысында қызметтің аталған түрін материалдық-техникалық жағынан нығайту жұмыстары жүргізілуде, бұл өз кезегінде полицейлердің мобильділігіне және құқықтық тәртіпті нығайтудың тиімділігіне ықпал етеді, — деп нақтылады СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев.

Солтүстік Қазақстан облысында 289 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 88-і облыс орталығында. Жыл басынан олар 800-ден астам қылмыстың бетін ашып, 30 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар, учаскелік полиция қызметкерлерінің басты міндеті қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және жол бермеу болып қала бермек.

Тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріліп отыратын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, бұрын сотталғандар ерекше бақылауда. Сондай-ақ, маскүнемдерге, нашақорларға, отбасылық жанжалқойларға ерекше назар аударылады. Жыл басынан 113 солтүстікқазақстандық мәжбүрлеп емделуге жіберілді. 6220 адам учаскелік полиция инспекторларының профилактикалық есебінде тұр.

Аталған сала қызметкерлерінің басым бөлігі бейне жетондармен және планшеттермен жабдықталған, бұл жұмысты барынша тиімді, жедел және ашық етеді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные