31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды

Источник: 7152.kz
Қазақстанда пандемияның әсерінен мешіттер жабылып, 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды, деп 7152.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл тұралы «Қызылжар» орталық мешітінің наиб-имамы Мухаммадзахир Мирзаев айтты.

-Құрбан айт мерекесі Ғұламалар Кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Бірақ Пандемия кезіне байланысты  мешіттердің жабық болуына орай 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды. Онлайн режимінде тек қана малды ғана сойдыруға болады. Яғни, егерде сіз малды сойдырам деген ниетіңіз болса, оны онлайн арнайы сайт бойынша малыңызды таңдап қаражатын аударасыз, бірақ ол мал сізге қайтып келмейді, түгел қайырымдылық қорына кетеді,- деді Мухаммадзахир Имамұлы.
Діни басқарма ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып биылғы жылы алғаш рет Құрбан айт қарсаңында халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Осы мақсатта qurban2020.kz сайтын бүгін толықтай іске қосты. Ал құрбандық шалуға онлайн тапсырыс 30 шілдеге дейін қабылданады. Кез-келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады. Құрбандық еті түгелдей мұқтаж азаматтарға таратылады. Мұндай жоба елімізде тұңғыш рет қолға алынып отыр.
Онлайн құрбандық шалу барысында имамдардың жұмысы делдалдық емес, аталған рәсімді ұйымдастыру және құрбан еттерін мұқтаж жандарға үлестіру.
Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, әр облыста құрбан шалу орны ашылған. Діни рәсім жергілікті әкімдік пен санитарлық-дәрігер мамандардың рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен карантин талаптарын қатаң түрде сақтай отырып орындалады.
 
qurban2020.kz сайтына кіріп онлайн тапсырыс жасауға болады.
Читайте также: Құрбан айт мейрамы онлайн өтуі мүмкін.
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные