Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін театрға кіру тегін болады

Источник: 7152.kz
Бұл туралы фейсбуктегі өзінің парақшасында облыс әкімі Құмар Ақсақалов жазды, деп хабарлайды7152.kz тілшісі.
Облыс әкімі ҚР халық әртісі Людмила Турпаян-Ванюкованы мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, қызықты рөлдер мен көрермендердің сүйіспеншілігін тіледі.
-Осындай тұлғалардың арқасында театр өнері өшпей, адамгершілік пен рухани тәрбиенің қайнар көзі болып қала бермек. Біз жастарды театрларға тартуымыз керек. Сондықтан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін театрға келуді ақысыз етуге шешім қабылдадық, — деп жазды Құмар Іргебайұлы.
Людмила Николаевна театр сахнасында жүргеніне 53 жыл болды. Актриса  150-ден астам рөлді сомдаған.
Тағы да оқыңыздар: Петропавлда жол белгілерін термопалстиктен салып жатыр
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные