Құрбан айт мейрамы онлайн өтуі мүмкін

Источник: 7152.kz
Қазақстанда  Құрбан айт мейрамын онлайн режимінде жасауға болады, деп хабарлайды 7152.KZ тілшісі.
Qurban2020.muftyat.kz сайты жақын күндері қол жетімді болады. Сайтты техникалық қадағалау ҚМДБ «Зекет» қорына жүктелді. Осы сайттың көмегімен үйден шықпай-ақ, өтініш қалдырып, құрбандық шалуға тапсырыс бере аласыз. Тапсырыс берушіге жұмыс туралы толық ақпарат беріледі. Ең бастысы, пандемия кезінде үйден шықпауға, адамдармен байланыс орнатпауға және интернетте құрбандық шалуға мүмкіндік бар, — делінген ҚМДБ сайтында. 
Бұл туралы Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Айтуған Тойбазар айтты.
— Бұл мәселе әлі шешілген жоқ, біз Солтүстік Қазақстан облысының  әкімшілігінен жауап күтудеміз, 19 шілдеде бізге жауап берілуі керек, мәселе шешілген кезде, біз Құрбан айтқа дайындықты бастаймыз, — деді Тойбазар Айтуған.
Сайттың тағы бір артықшылығы — құрбандыққа шалынатын малдың бағасы көрсетілген. Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаждарға таратылады.
Читайте также: В колониях СКО больных коронавирусом и пневмонией нет.
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные