Самал Еслямова тағы да үздіктер қатарынан табылды

Источник: 7152.kz
Қазақстандық актриса Самал Еслямова Ресейде өткен кино өнері бәйгесінде тағы да үздіктер қатарынан табылды. Ол «Ника» ұлттық кинематография премиясы ұсынысы бойынша, 2019 жылдың үздік актрисасы болып танылды, деп 7152.kz тілшісі tass.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейлік басылымның мәліметінше, жерлесіміз  2019 жылы шыққан «Айка» кинотуындысындағы үздік әйел ролі үшін аталған премияға лайық деп табылған. Сонымен бірге мұндай жүлдені «Дылда» кинокартинасы үшін Виктория Мирошниченко да иеленген. Ал 2020 жылдың үздік актрисалары номинациясы «Дорогие товарищи» кинотуындысы үшін Юлия Высоцкая мен «Доктор Лиза» кинотуындысы үшін Чулпан Хаматоваға берілген.  Өткен жылы салтанатты марапаттау рәсімі пандемияға байланысты болған жоқ. Сондықтан ұйымдастырушылар екі жыл ішіндегі жеңімпаздарды жариялады.
«Ника» — Ресейдің  кинематография әлеміндегі беделді  жүлделерінің бірі.  Ол 1988 жылдан бері  жыл сайын, сол жылы көрермен көңілінен шыққан, үздік фильмдерге беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Самал Еслямова 2018 жылдың мамыр айында қазақстандық кинематограф тарихында алғаш рет 71-ші Канн кинофестивалінің үздік актрисасы болып танылды.
Тағы да оқыңыздар: Облыста Есіл өзенінің көтерілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды
 
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные