Анықтау бөлімінің бастығы өз жұмысы, отбасы және мамандығына деген сүйіспеншілігі жайлы әңгімеледі

Жыл басынан бері Петропавл қаласы ІІолиция басқармасының анықтау бөлімінде 2784 қылмыстық іс тергелуде. Бұл бөліністегі қызмет ең күрделі жұмыстардың бірі болып табылады; жоғары теориялық дайындықты, жан -жақтылықты және өз ісіңе беріле, бар жүрегіңмен істеуді талап етеді. Басшы қандай қасиеттерге ие болуы керек, қызметте қандай басымдылық керек — келесі әңгімеде.

Анықтау қызметінің басқа бөлімшелерден басты айырмашылығы — анықтаушылардың жұмысы өте көп. Онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстық істерді, теріс қылықтар, ұрлық, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын тергеу – барлық мән-жайлар мен егжей-тегжейлі анықтаумен айналысатын анықтаушылар. Олардың кәсіби деңгейіне, барлық жағдайды мұқият және объективті түрде біле анықтауларынан адамдардың тағдыры тікелей байланысты. 2021 жылдың мамырынан бастап қалалық полицияның анықтама бөлімін полиция подполковнигі Махаббат Абжанова басқарады. Ол басқаратын бөлімде 18 анықтаушы бар. «Қалалық бөлімнің» басшылығы тұтастай алғанда бөлімнің де, бөлім басшысының да жұмысына оң баға береді. Полиция подполковнигі Абжанова басшы ғана емес, үш кішкентай баланың анасы. Махаббат Шоқатқызы ішкі істер органдарындағы қызметін 2000-шы жылдардың басында, аудан орталығы Новоишимскоеда бастады. Ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ішкі істер органдарында қызмет еткен өзінен үлкен тәлімгерлері жайлы ерекше ризашылығын білдіре отыра, сипаттайды.

«Заңтану»

«Ішкі істер органдарына 2003 жылы қабылдандым, ол кезде 22 жастамын. «Заңтану» мамандығы бойынша азаматтық институтты тәмамдадым. Өз үйіме оралдым, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тумасымын. Новоишимскоеның полиция бөліміне анықтаушы болып орналастым. Қыз бала болғандықтан, басында бәрі әрине қиын болды. Қызметке келуге шешімді өзім қабылдадым, мені ешкім мәжбүрлеген жоқ, өз қалауым болды; 9 сыныптан өзімді заң факультетіне дайындадым және арманым тергеуші болу еді. Полицияда жұмыстың жақсы бір қағидасы бар: жас қызметкерлерге тәлімгерлерді бекітеді. Менің де тәлімгерім болды, көп нәрсені үйрендім», — деп еске алады Махаббат Абжанова.

Махаббат Әбжанова тек аудандық бөліністерде ғана емес, облыстық полицияның аппаратында қызмет атқарған жылдарында алған білімін шыңдап, анықтау және тергеу бөліністерінде түрлі лауазымдарда тәжірибе жинақтаған. 2017 жылдан солтүстікқазақстандық полицияның ең ірі бөлінісі – Петропавл қаласының Полиция басқармасында қызмет атқарып келеді. Биылғы жылғы мамырдың 27-нен анықтау бөлімі бастығының орынбасары лауазымынан осы бөлімнің бастығы лауазымына тағайындалды. «Ұжым – еңбексүйгіштігімен ерекшеленеді. Білікті анықтаушылар бірталай істерді тергеді», — деп қалалық анықтаушылардың жұмысына баға береді қызмет жетекшісі СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин.

«Махаббат Шоқатқызы Абжанованың жеке қасиеттерін атап өткім келеді: ол тәртіпті, ҚР заңнамаларын, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерді жақсы білетін, білімін практикада қолдана алатын адам. Өз білімі мен тәжірибесін жас қызметкерлермен бөліседі, шын мәнінде анықтау, тергеудің жауапты да айрықша қызметінде қажетті білім мен дағды көмегін тигізеді», — дейді Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Әлнұр Ахмедияров.

Үлкен ұжымда Махаббат Абжанова басшы болғанымен, отбасында үш баланың анасы, Әлихан есімді ұл мен екі қыз — Аида мен Адельді тәрбиелеп отыр.

Айта кететін болсақ, кіші қызы – Адель небәрі бір жас төрт айда. «Қалалық бөлімдегі» күрделі жұмыс пен балалардың тәрбиесін қатар алып жүру, әрине оңай емес, алайда Махаббат Шоқатқызының айтуынша, бәрін де істеуге болады, бастысы күш-қуатыңды ұтымды қолдана білу. «Кәсіби тұрғыда — өз жұмысыңды, ісіңді сүйе білсең, мүмкін емес нәрсе жоқ», — деп тоқтала кетті ол.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные