Дүкендерден бірнеше сымсыз құлаққаптарды қолды қылған 30 жасар петропавлдық ұсталды

Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері сауда үйлерлеріне бірнеше сымсыз құлақаптарды ұрлады деген күдікпен облыс орталығының 30 жасар тұрғыны ұстады.

Полицияға электроника дүкендерінің бірінен әкімшісінен арыз келіп түсті, ревизия жүргізу барысында түрлі маркадағы бірнеше жұп құлаққаптардың жоғалғаны анықталған. Ең қымбат моделінің бағасы 70 мың теңгеден астам, ал арзаны 19 мың теңге шамасында. Ұрлық бір ай ішінде : шамамен маусымның ортасы мен шілденің басында жасалған.

Ұрлық

Бейнекамералардағы архивіндегі жазбалар тексерілді, нәтижесінде күдікті жедел анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотталмаған 30 жасатғы қала тұрғыны болып шықты. Сымсыз құлаққаптарды ұрлағанын мойындады. Ол тауарлардың бағасы мен көлемі қызықтарғанын; барлық сымсыз құлаққаптар – көлемдері шағын, картон қораптарда сатылады, сондықтан оларды дүкеннен жымқыруға еш қиындық туғызбағанын түсіндірген.

Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные