Экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқан петропавлдыққа айыппұл салынды

СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 42 жастағы петропавлдықтың Facebook желісіндегі парақшасында діни сипаттағы бейнежазбаларды анықтады. Тексеру барысында ер адамның деструктивті сипаттағы діни ағымның ұстанушысы екенін анықталды. Ол дінтанулық сараптама қорытындысына сәйкес діни алауыздықты тұтатуды насихаттайтын болғандықтан Қазақстан аумағында сақтауға және таратуға тыйым салынған бейнежазбаларды әлеуметтік желіде жариялаған. Бұл материалдар діни алауыздықты тұтатуды насихаттауға бағытталған. Шілде айының басында Петропавл қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотымен ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылды.

290 мың теңге

«Сот шешімімен алауыздықты қоздыруға бағытталған материалдарды сақтағаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салу туралы шешім шығарылды. Айыппұл соммасы 290 мың теңгені асады», — деді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Алмас Шитқанов. – 106 бейнефайл мен 7 сурет тәркіленіп алынды, Facebook-тағы парақша өшірілді. Естеріңізге сала кетейік: ҚР заңнамасымен адамның діни ұстанымына, дінге көзқарасына, құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне қол сұғуға, діни сезімдерін қорлауға тыйым салынған».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные