Өтініштерді тәулік бойы қабылдау, ақпараттарды өңдеу, жылдам әрекет ету – ішкі істер органдарының құзіретіне кіретін, күн сайын азаматтардан келіп түсетін өтініштерді «102» арнасының операторлары қабылдайды. Қоғамдық қауіпсіздік деңгейі, жолдағы жағдай, бастысы адамдардың өмірлері — операторлардың кәсібиліктеріне тікелей байланысты.
Биылғы жылғы жеті айдың ішінде қалалық полицияның Жедел басқару орталығының «102» арнасына қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы 94 328 хабарлама келіп түскен. Оның 20-нан астамы жедел әрекет етуді қажет еткен.
«102»
Бір тәулікте орташа есеппен қалалық полицияның «102» арнасына түрлі сипаттағы 500-ге жуық телефон хабарламасы келіп түседі, басым бөлігі анықтамалық сипатта. Аптаның соңғы күндері кешке жақын: жұма, сенбі жексенбі күндері, сағат 19-дан бастап 00-ге дейін қоңыраулар көптеп түседі. Көбінесе отбасылық жанжалдарға, түнгі уақытта тыныштық бұзушылығына, жол-көлік оқиғалары, жаздыгүні ойын-сауық орындарына шақыртулар тіркеледі. Соңғы тәуліктердің өзінде қаладағы дәмханаларға бірнеше шақыртулар келіп түскен, бірінде смартфон ұрлығы жайында, бірінде мастардың төбелестері жайында…
Криминал мен бұзақылықты ұдайы мониторингілеуде және жедел әрекет етуге бейнебақылау камералары көп септігін тигізуде. Бүгінгі күні облыс орталығында 400-ден астам камера жұмыс істейді. Жыл басынан олардың көмегімен 10 098 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, оның 8191-і Жол жүрісі ережелерінің бұзушылығы, 1800-ден астамы қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу фактілері. Қылмысты ашуға ықпал еткен 114 факті анықталды.
СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақытжан Әлібековтің сөзінше, өтініштерді бірізділік әдісімен қабылдау -енгізіліп жатқан жаңашылдықтардың бірі екен. Биылғы жылдың 1 ақпанынан Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығына «102» мобильдік қосымшасы арқылы (ҚР ІІМ-нің App Store және Google Play-дағы ресми қосымшасы) 211 мәтін түріндегі хабарлама келіп түскен. Оның 178-і бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 2 өтініш Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген, қалғандары бойынша материалдар қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының расталмауына не болмауына байланысты номенклатуралық іске жазылған.
СҚО ПД баспасөз қызметі