СҚО-да ауыл тұрғыны мініп кеткен көлігін өртеп жіберді

Ғ. Мүсірепов ат. ауданның полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті мініп кету фактісі бойынша материалдарды сотқа тапсыруға дайындалып жатыр. Айдың басында Тоқсан би ауылының тұрғыны «ВАЗ 21099» автокөлігінің жоғалғаны туралы полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған басқа ауылдың 21 жастағы тұрғыны анықталды. Сөзіне қарағанда, ол Тоқсан би а. қонақта болған. Түнде күдікті оталдыру кілті бар есігі ашық тұрған көлікті байқайды және көлікпен үйіне бармақшы болады. Бензині таусылған көлікті жолдың шетіне итеріп, өртеп жіберген. Үйіне жеткенде, оны аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күтіп отырған.

ВАЗ 21099

«Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша енгізілді, — деді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Руслан Біржанов. – Іс материалдары сотқа жіберілетін болады. Жыл басынан ауданда көлікті құқыққа сыйымсыз иеленудің 3 фактісі тіркелді, барлығы ашылды».

Полицейлер автокөлік иелерін сақ болуға, көлікті қараусыз қалдырмауға, есіктерінің ашық не жабық тұрғанын тексеруге шақырады. Қаскөйлердің назарын аудармау үшін көліктің ішінде кілт, ақша, басқа да құнды заттарды қалдырмаған жөн.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные