СҚО-да Бескөлдік тұрғын баласының ұрланған велосипедін қайтарғаны үшін полицейлерге алғысын білдірді

Солтүстікқазақстандықтар өз қызметтік міндеттерін адал атқарған полицейлерге алғыстарын жиі жолдайды.

Жаздың күндері алғыстарын көбіне ұрланған велосипедтерді қайтарғаны үшін білдіріп жатады. «Маусымдық» қылмыс түрімен күрес облыстық полиция басшылығының ұдайы бақылауында. Әсіресе баланың ұрланған көлігін қайтарған кездегі қуаныш ерекше. Бірер күн бұрын облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтың атына Бескөл тұрғынынан хат келіп түсті. Баласы тамыздың 18-і күні велосипедін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорт алаңына қойып кетіп, кейін таппай қалған. Жедел уәкілдер учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе қылмысты «ізін суытпай» ашты. Екі күннен соң, қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін велосипед 10 жасар иесіне қайтарылды. Анасы Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне зор алғысын жаудырды. «Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді, топпен бірге ПБ бастығының орынбасары Арман Жетепов пен криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дулат Сүлейменов те келді. Полицейлердің жедел іс-әрекеттері арқасында құны 40 мың теңге тұратын «Stels» маркалы велосипед аз уақыттың ішінде табылды», — дейді хат иесі.

«102»

Instagram желісіндегі СҚО ПД аккаунтына облыс тұрғынан полицейлерге және «ГАЗель» жүк көлігінің жүргізушісіне білдірген алғысы келіп түсті. Олар жол үстінде қиын жағдайға тап болған адамдарға көмекке келді. «Тамыздың 18-нен 19-на қараған түні дөңгелегіміз жарылып, не істерімізді білмедік, «102» хабарластық, бізге қызметкерлер, сонымен қатар «ГАЗель» жүк көлігінің жүргізушісі көмектесіті. Сіздерге зор алғыс!»

«Халықтан келіп түскен сигналдарға ден қою, қиын жағдайда көмек көрсету – полицейлердің қызметтік борышы, — дейді облыстық полиция ведомствосының басшысы. – Күнделікті жұмыстарына білдірілген алғыстар, оң пікірлер, — полиция бөліністері қызметкерлерінің одан арғы қызметтеріне серпін береді».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные