СҚО-да егде жастағы аудан тұрғыны айдап әкеткен көлігін жылдам қайтарып берген полицейлерге алғысын білдірді

СҚО-да аудан орталығы Мамлютка қаласының тұрғыны жергілікті газетте айдап әкеткен көлігін қайтарып берген полицейлерге алғысын білдірді. 71 жастағы көлік иесі ағасына келген, көп ұзамай «Audi» көлігінің жоғалғанын анықтайды. Шығын 1 миллион теңгені құрады. Ер адам шұғыл полицияға жүгінді. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы автокөлікті іздестіруге бағдарланды, тәртіп сақшылары басты автожолдарды бақылауға алды. Көп ұзамай аудан орталығынан шығар жолда айдап әкеткен көлік тоқтатылды. Рөлде оқиға орнынан жақын жерде тұратын 24 жастағы аудан тұрғыны болған. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша енгізілді. Көлік иесіне қайтарылды, ол аудандық газетте көлікті іздестіруге қатысқан барлық қызметкерлерге алғысын білдірді: «Жоғары кәсібилік үшін, адамдарға көңіл бөліп, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғандары үшін алғысым шексіз. Оңай емес қызметте табыс тілеймін…».

Audi

«Ұсталғанның сөзіне қарағанда, бөтен автокөлікті заңсыз иемденуге көліктің ішінде қалдырылған кілт түрткі болған, — деді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Иса Мұстафин. – Баршаларыңызды сақ болуға, мүлікті қылмыстық қол сұғушылықтан сақтау бойынша шара қабылдауға шақырамыз».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные