СҚО-да интернет-алаяқтар ауыл тұрғынын 2 миллион теңгеге алдаған

СҚО-да бір тәулікте үш интернет-алаяқтық тіркелді, оның ішінде алаяқтардың «банктен хабарласып тұрмыз» деген алдауына көнген әйелге аса ірі көлемде шығын келтірілген.

Есіл ауданының 54 жастағы тұрғынына, оның банк шотына қылмыскерлер шабуыл жасап жатыр деп алаяқтар қоңырау шалған, оны сақтап қалу үшін «резертегі депозитке» аудару керек деп айтқан. Әйел айтылған шотқа 2 миллион теңгеге жуық жиған ақшасын аударған. Кейін ол банктің call-орталығына жүгінген. Оған банктің қызметкерлері мұндай сипаттағы қоңырау соқпайтынын және клиенттерін сол немесе өзге қаржы операцияларын жасауға мәжбүрлемейтінін айтқан. Өкінішке орай, бәрі кеш: ақша қаражаттары жоғалған. Әйел полицияға жүгінген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«резертегі депозитке»

«Мұндай қылмыс түрін алдын алу – қазіргі уақыттағы өзекті міндеттердің бірі, — дейді аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Сағындық Жантеміров. — Ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде: адамдар көп жиналатын орындарда интернет-алаяқтардың түрлі әккі тәсілдері туралы ескертілген боршюралар мен плакаттар таратылды және аудан орталығы Явленкаға кіре берісіне баннер орналастырылды. Учаскелік инспекторлар аула бойы тексеріс жүргізген уақытта, азаматтарды жеке қабылдау кезінде киберқылмыскерлердің тарапынан болатын қауіп жайлы адамдарға үнемі айтып отырады. Ескертулер үнемі БАҚ-та, әлеуметтік желілердегі аудандық ПБ аккаунттарында жарияланып тұрады. Адамдарды сақ болуға шақырамыз. Жинаған ақшаңызға қауіп төнуі туралы «банктен шалынған қоңырауға» жауап бермеңіз, сөйлесуді бірден тоқтатыңыз. Шоттарыңыз орнында екендігіне көз жеткізу үшін банк бөлімшесіне жеке барыңыз, немесе ресми телефонға хабарласыңыз».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные