СҚО-да полиция жұмысына білдірілген алғыстар келіп түсуде

Қиын жағдайда бізге қол ұшын созған жас ұрпақ өкілдерінің қайырымдылығы, адалдықтары жайында жазғым келді, — делінген Петропавл тұғыны Әлия Жақсыбаеваның облыстық полиция ведомствосына жолдаған алғысқа толы хатында. Хат иесі биылғы жылғы мамыр айында орын алған оқиға жөнінде баяндаған. Жұмыс күні аяқталған соң кешке ерлі-зайыптылар алыс ауданға жолға шыққан, көліктерінің істен шығуына байланысты сапарларын жалғастыра алмаған. Есіл ауданының Покровка ауылына жақын маңда оларға жол үстіндегі жолаушылар көмектерін ұсынған, олардың ішінде патрульдік полиция экипажының қызметкерлері де болған. Кейін белгілі болғандай, көлікті жөндеген жас жігіт полиция лейтенанты Данияр Жақыпов екен. Бір айдан соң дәлі осы жолда олар өздеріне қол ұшын созған автопатруль экипажын кездестіреді. «Лейтенант Жақыповқа өз жұмысына адал қарағаны үшін, жоғары кәсібилігі үшін, сыпайылығы әрі әдептілігі үшін алғыс білдіреміз», — делінген алғыс хатта.

Қызылжар ауданы Приишимка ауылының тұрғыны да өз алғысын білдіре хат жолдаған.

74 жасар зейнеткер аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамовтың кәсібилігін атап кеткен. Сондай-ақ, осы ауданның жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары да қалыс қалған жоқ, оларға спорттық велосипедін іздеуде көмек көрсеткендері үшін Бескөл ауылының тұрғыны ризашылығын білдірген. Бірнеше аптадан соң полицейлер қаскөйді іздеп тауып, иесіне көлігін қайтарған.

«Оң пікірлер мен осындай кері байланыс жұмысты тиімді ете түседі, азаматтардың сенімі – кадр негізін қалыптастыруда және полиция қызметкерлерінің жас буынын тәрбиелеуде маңызды», — деп атап кетті СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные