12 тамызда Ақжар ауданындағы бақташының табынынан 50 бас жылқы жоғалған. Екі аптаға жуық бойы ол ұлымен бірге өздігінен жануарларды іздеген, олардың арасында өзінің және ауыл тұрғындарының жылқылары болған. 24 тамызда ол аудандық полиция бөліміне көмекке жүгінген. Тәртіп сақшылары іздеу және жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Уақыт өтуіне байланысты іздер қалмаған. Кримналдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар құрамында 4 мототобымен төңіректі тексеріп шықты. Сонымен қатар полицейлер жергілікті тұрғындардан, басқа да бақташылардан жауап алды, алайда ешкім жоғалған жылқыларды көрмеген.
Ауданның ПБ бастығы полиция подполковнигі Еркін Махметовтің айтуынша, іздеуге жеке қатысқан тұста ұзақ уақыт бойы жануарлардың жоғалуындағы қылмыстық жағы өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан бір мезілде «мал ұрысы» санаты бойынша есепте тұрған ауылдықтар тексерілді», — олардың саны Ақжар ауданында 23. Тапжылмай іздеудің арқасында екі күннен кейін жылқылар орманнан табылды, олар жайылымнан шамамен 50 шақырымдай ұзап кеткен.
«Барлық жануарлар иелеріне аман-есен қайтарылды, — дейді Еркін Махметов. — ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін бақташыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша хаттама толтырылды. Оның қарауындағы барлық табынды ер адам төртке бөлген. Жануарлардың басым бөлігі еркін жайылымда бағылған, ол мал ұрыларына оңтайлы тұс болып табылады. Айта кететін болсақ, ауданда мал ұрлығының 2 фактісі тіркелді. Екі жағдайда да жануарлар еркін жайылымнан ұрланған».
Полицейлер қаңғы бас жануарлардың егінге зиян келтіруге немесе ауыр салдармен ЖКО себепші болатынын естен шығармауды сұрайды. Облыстың полиция қызметкерлері тұрақты түрде еркін жайылудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Жыл басынан 4273 солтүстікқазақстандық ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша жауапқа тартылды. Иелері анықталғанға дейін 4005 бас үй жануары арнайы қашаға қамалды.