СҚО тұрғындары көмек көрсеткен патрульдік полицейлерге, учаскелік инспекторға және ауылдықтарға алғыс білдірді

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментіне облыс полицейлерінің жұмысына алғыс білдірген хаттар келіп түсуде. Басым бөлігі адамдармен тығыз қарым-қатынас жасайтын жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлеріне.

СҚО полициясының Instagram аккаунтына облыстық полиция батальонының қызметкерлеріне кезекті алғыс келіп түсті. Владимир атты қолданушы мемлекеттік нөмірі 566 КР Lada Vesta автомашинасының экипажына алғыс білдірген. Тамыздың 12-сі сағат түнгі 3 шамасында ол жұбайы және баласымен Қызылжар ауданының Рассвет ауылы маңындағы тас жолда келеңсіз оқиғаға тап болған: «Жол үстінде көлік тоқтата алмай, көмек сұрап, «102» арнасына қоңырау соқтым. Шыны керек, жылдам әрекет етеді деп күтпедім. Көмекке келіп жеткен полиция қызметкерлері көлігімді үйіме дейін сүйреп жеткізді». Сол күні аталған жол учаскесінде СҚО ПД ППБ қызметінің инспекторлары полиция лейтенанттары Бауыржан Көшімов және Мереке Омаров жақын маңда кезекшілік атқарған; шақырту алған олар лезде газ тарату механизімі істен шыққан LADA Prioraның қасына жеткен. Нөсер жаңбыр астында көлікті буксирге алып, 40 шақырым жердегі Бескөл а. үйінің ауласына сүйреп жеткізген. Кейін түнгі кезекшіліктерін жалғастырған.

Алғыс

Тағы бір алғыс учаскелік полиция инспекторының атына келіп түсті, жуырда ол Мамлют ауданының «Знамя труда» газетінде жарық көрді. «Союз» шаруа қожалығы Искра селосының тұрғындарына өрт кезінде көрсеткен көмегіне алғыс білдірген: мал шаруашылығы базасы өртенді. Алғыста 12 адамның аты-жөндері аталған, өрт бөлімінің қызметкерлері, Искра селосының тұрғындары. Сонымен қатар бірінші болып учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Александр Рогачев аталған.

Искрадағы базада орын алған өрт шілденің соңында болған. Сол кеште учаскелік инспектор Александр Рогачев Воскресеновка селосының жанынан өтіп бара жатып, Искра жақтан шыққан қою түтінді көзі шалған, сол уақыттарда оған ауыл тұрғындарының бірі хабарласқан болатын. Оқиға орнына келген полицей жұмысшылар және ауыл тұрғындарымен бірге қашада тұрған жиырма шақты бұзауды қауіпсіз жерге шығаруды жедел ұйымдастырған. Қою әрі өткір түтін тұрды, адамдар үстеріндегі киімдерімен беттерін орап, аман-есен жас төлдерді далаға шығарды. Александр Рогачев жұмысшылар мен ауыл тұрғындарының үйлесімді және ұйымдасқан түрде әркет етуі, сондай-ақ өрт сөндірушілердің кәсіби іс-қимылы арқасында – зор шығынға жол берілмегенін атап өтті.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные