Мамыр айынан бастап электр энергиясының тарифі өседі

Источник: 7152.kz
Электр энергиясының тарифі тағы да өсуі мүмкін. Соңғы рет тариф осы жылдың 20 қаңтарында ғана көтеріліп, киловаты 16,24 теңгені құраған. Енді «Севказэнергосбыт» ЖШС бағаны тағы 12 процентке көбейту туралы ұсыныс жасады. Осыған орай қоғамдық тыңдалым да ұйымдастырылды деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
 «Севказэнергосбыт» ЖШС –нің 164641 тұтынушысы бар. Оның 92 557 Петропавл тұрғыны. Өңір тұрғындарына электр энергиясы үшін жаңа тариф 1 мамырдан енгізіледі.   
-Тұтынушылар үшін тарифті өсірудің басты себебі электр энергиясын өндіретін Жылу электр станциясы өнім бағасын көтеріп жіберді. Бұған дейін энергияны 8,38 теңгеге сатып алсақ, енді 10,9 теңге тұратын болды.  Бұл энергетика министрінің бұйрығы бойынша жүзеге асты – дейді «Севказэнергосбыт» ЖШС  бас директоры Мағауия Сағындықов.
Энергетиктердің айтуынша, электр қуатының өсуі оларды бір айдың ішінде 100 млн теңгеге шығынға  батырған. Тұтынушылар үшін тарифті көтеру ұсынысын енді табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті қарап, өз шешімін шығарады.
-Жылу электр станциясы көмір мен тасымалдау шығындары өскендіктен, өнім бағасын көтерді. Сондықтан тарифті көтермесе болмайтыны түсінікті. Алайда қандай мөлшерде өсіруге болатынын қарап, есептеп жатырмыз. Талап бойынша 10 күннің ішінде шешім шығаруымыз керек – дейді ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы Абай Балабеков
Тағы да оқыңыздар: СҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
 
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные