500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

Источник: 7152.kz
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
-Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару — ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-інің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ — тест базасы күнде жаңартылады. Күнде жаңа сұрақтардың құпиялылығы шешіліп, бағдарламаға кіргізіледі. Өздеріңізді алдамаңыздар, — деп жазды Дидар Смағұлов.
Осыған дейін Смағұлов, ҰБТ ережелерін бұзған үшін 287 оқушы аудиториядан шығарылып, олардың тест нәтижелері жойылды деп хабарлаған болатын.
Биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады. 
Тағы да оқыңыздар: Биылдан бастап жас педагогтар жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттаудан өтеді
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные