Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет электронды форматта өтеді

Источник: 7152.kz
Биыл өңірде 3409 мектеп түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді  алғаш рет электронды  форматта тапсырады. Сонымен қатар, осы жылы  Жоғары оқу орындарына түсу және грант алу конкурсына қатысу үшін түлектерді тестілеу мерзімдері өзгерді.  Өткен жылдары  маусымда өткізілетін емтихан, енді сәуірде басталып,  маусымның соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Ұлттық біріңғай тестілеудің электронды форматта өтуі  үрдістің ашық және әділ өтуін қамтамасыз етеді.  Бұған дейін ақылы оқуға ниет білдіргендер үшін осындай емтихан наурызда өтті. Қазір сәуірден бастап мауысымның 30-на дейін грант үміткерлері сынақ тапсырады. Биыл  мектеп түлектері емтиханды тапсыратын жерді және күнін өздері таңдап алады. Ол үшін  арнайы қосымшаға алдын-ала тіркелуі керек.  Оған қоса ұлттық біріңғай тестілеуден өту үшін екі мүмкіндік беріледі. Кейін үздік нәтиже бойынша грантқа үміткер бола алады.  Тестілеу 3 жерде  өтеді.  Пәндер мен берілген уақыт өзгеріссіз қалды. 15 сәуірден бірінші мүмкіндікке тіркелу басталса,  1 мамырдан бастап екінші рет тапсырам деушілер өтініш қалдыра алады. Бүгінге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңіне  түлектердің 71 проценті өтініш қалдырды.
Тағы да оқыңыздар: Петропавл тұрғыны көлікпен Есіл өзеніне түсіп кетіп, қайтыс болды
        
 
 
 
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные