Облыстың 411 білім ордасында «жазғы мектеп» ұйымдастырылады

Источник: 7152.kz
26 мамырдан 19 маусымға дейін білім беру мекемелерінде «жазғы мектеп» жұмыс істейді. Демалыста мектеп орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін ашық болады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Балалар оқу жылының басым бөлігін қашықтан оқығандықтан, үлгерімдерін  жақсарту үшін жаз уақытында сабақ оқу ұйымдастырылып отыр.  Сонымен қатар, «жазғы мектепте»  олимпиадалық резервке кіретін оқушылармен де жұмыс жүргізу үшін қарастырылған. Облыстың 411 білім ордасында «жазғы мектеп» жұмыс істейтін болады. Ата-аналардың өтініштері бойынша, оларға  7 мыңнан астам оқушы қатысады деп жоспарланған. Олар үшін  математика, тілдер мен жаратылыстану ғылымдары бойынша оқытумен қатар, сергіту сағаттары да ұйымдастырылады.  
Тағы да оқыңыздар: Соңғы қоңырау дәстүрлі форматта 9 бен 11 сынып оқушылары үшін соғылады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные