Источник: 7152.kz
Петропавлда М. Айтқожин атындағы №1-ші орта мектеп екі аптаға карантинге жабылды деп хабарлайды 715.2kz тілшісі.
Сәуірдің 15нен бастап Петропавлдағы М. Айтқожин атындағы №1-ші орта мектеп карантинге жабылды. Оған білім ордасының 5 бірдей оқушысы COVID-19 вирусын жұқтыруы себеп болып отыр. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес енді білім ордасы 100% қашықтан оқытуға көшіп, 2 аптаға карантинге жабылады.
— 5 баланың ішінде 1-і қашықтан оқыды. Балалар вирусты мектептен тыс жерде жүріп жұқтырып алды. Қазіргі таңда мектебіміз толықтай қашықтан жұмысқа көшті. 2 апта бойы карантинде боламыз. Соған қарамастан, оқушылардың барлығы да тиісті түрде білім алады. Сабақтар үзіліссіз өтеді – деді М. Айтқожин атындағы №1-ші орта мектеп директоры Алексей Курленя.
Коронавирусты әрі түрлі сынып оқушылары жұқтырған. Алғашқы фактіні мектеп медбикесі сәуірдің 4-і балаларды кезекті тексеру кезінде, 9-шы сынып оқушысынан анықтаған. Баладан COVID-19 вирусына ұқсас белгілерін байқап, бірден медициналық мекемеге жіберіпті. Бұдан бөлек балаларға сабақ берген 3 мұғалімде де вирус анықталды. Мектеп басшылығының сөзінше сырқаттанғандардың барлығында ауру белгілері жоқ. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы. Жалпы жыл басталғалы бері өңірде 419 бала коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Жыл басынан бері облыста 136 ұстаз COVID-19 вирусын жұқтырған. Соның 95-і қашықтан, қалған 41-і дәстүрлі түрде жұмыс істеген.
Тағы да оқыңыздар: Тайынша ауданында суық қаруы бар көлікті ұрлаған азамат ұсталды
Источник: 7152.kz