Әскери институтта жаңа казарма салынады

Источник: 7152.kz
Биыл Петропавлдағы әскери институтта 600 орынға шақталған 3 қабатты казарманың құрылысы басталды. Сондай-ақ, оқу корпусы мен жаңа спорт кешені де салынып жатыр, деп хабарлайды 7152.kz  тілшісі.
Әскери институттағы казарманың құрылысы  мамыр айында басталды. Бұл жобаны  «Оңдасын строй» атты мердігер фирма жүзеге асыруда. Жалпы, бұл мақсатқа ел қазынасынан 9 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініпті.
— 2022 жылы оқу корпусы мен жаңа спорт кешенін салуға 4,5 миллиард теңге қаражат бөлінбек. Сондай-ақ, 2023 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін тағы 3,5 миллиард теңге беріледі. Сәйкесінше жаңа қондырғылар әкелінеді. Айнала толығымен аббаттандырылады- дейді ҚР ҰҰ ӘИ басшысының орынбасары Тахир Исламов
Бүгінгі күні аталмыш оқу орнында 1000 адам білім алып жатыр. Жаңа ғимарат курсанттарды жарғыға және санитариялық нормаларға сәйкес орналастыруға мүмкіндік береді. Жақын арада әскери институтта магистратура ашылады. Айта кетейік, 600 орынға шақталған жаңа казарманың құрылысы 2023 жылы аяқталмақ.
Тағы да оқыңыздар: «Ashyq» жүйесі Петропавлда алғашқы карантин бұзушыны анықтады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные