Источник: 7152.kz
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры БАӘ шығарылған Sinopharm компаниясының COVID-19ға қарсы Hayat-Vax Қытай вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды.Ақпаратты «СК-Фармация» баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі informburo.kz сілтеме жасап.
«СК-Фармация» компаниясының мәліметінше, вакцинаның бір дозасы 31,1 доллар тұрады. Осылайша, вакцинаны жеткізуге 31,1 млн доллар жұмсалмақ. Сәуір айында 400 000, мамырда 600 000 доза вакцина жеткізіледі.
Hayat-Vax вакцинасын қытайлық Sinopharm компаниясы жасаған, бірақ оны БАӘ-де Gulf Pharmaceutical Industries Julphar өндіріп шығарды. Вакцинаны 2-8 градус нөлден жоғары температурада сақтауға болады. БАӘ вакцинаның тиімділігі 86% құрайды деп мәлімдеді. Ал Синофарм аралық сынақ деректері негізінде 79,34% тиімділік туралы хабарлаған болатын.
Тағы да оқыңыздар: Облыста биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 750 адам оқытудан өтеді
Источник: 7152.kz