ЭКО арқылы балалы болуға 208 квота бөлінді

Источник: 7152.kz
Биыл 208 солтүстікқазақстандық  отбасы ЭКО-ның көмегімен балалы болмақ. Бұл «Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында іске асырылмақ, деп хабарлайды 715.2kz тілшісі.
Нәрестелі болуды армандап жүрген отбасылар 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатыса алады. Биыл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ЭКО әдісіне бөлінетін квота саны 7 есеге көбейді.  Қаңтар айында елімізде бөлінген 7 мың квотаның 208-і Солтүстік Қазақстанға тиесілі.  Осындай жолмен балалы болу бақыты бұрын небәрі 20-25 отбасына бұйыратын. Статистикалық деректерге сүйенер болсақ, өңірде 1000-ға жуық жұп бедеулік бойынша есепте тұр.
— Бүгінгі күні денсаулық сақтау басқармасында құрылған комиссия 65 отбасына квота беруді шешті. Жалпы экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына қатысу үшін жұп 1 айға жуық толық медициналық тексерістен өтуі тиіс. Егер әйелі мен күйеуінде жүрек ауруы, коронавирус, СПИД және басқа да өмірге қауіп төндіретін сырқаттар табылмаса оларға жасанды ұрықтандырудан өтуге рұқсат беріледі. Кейін еліміздің аумағында орналасқан 24 репродкутивті орталыққа жолдама беріледі – деді облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталық директоры Елена Калюжная.
Қазіргі кезде 100 отбасын Нұр-Сұлтан қаласының мамандары қарап, талдамалар алған. Ал, 25 адаммен репродуктологтар жұмыс істеуді бастап кеткен. Араларында екінші рет ата-ана атанғысы келетіндер де баршылық. Жалпы, дәрігерлердің сөзінше жасанды жолмен бала сүю үшін 2 айдан аса уақыт тиісті процедуралардан өту қажет.
Тағы да оқыңыздар: Облыста коронавирустық инфекцияның таралуы азайды
 
 
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные