Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін 42 171 адам салдырды

Источник: 7152.kz
Өңірде коронавирусқа қарсы иммундау жұмысы бәсеңдеп қалды. Оған тұрғындардың белсенділігінің төмендеуі себеп. Күніне 650 адам ғана вакцина салдырады екен, деп хабарлайды 7152. kz тілшісі.
Облыстағы вакцинациялау үрдісі жайында өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында  өткен брифингте айтылды. Жалпы облыста вакцина жеткілікті. Екпенің бірінші компоненті 37 мыңға жуық болса, екінші компоненті 26 мыңнан асады. 1 ақпаннан бастап өңір тұрғындарының 1-ші компонентін 75 мың 739  адам қабылдаса, екпенің екі компонентін де салдырғандар саны 42 171 адам.  Жалпы қазіргі кезде облыста 78 адам  инфекциялық стационарда ем қабылдауда, оның 17сі реанимация бөлімінде жатыр.
-Өңір тұрғындарын иммундау жұмыстарын 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлаған едік. Алайда, қазіргі таңда вакцина салдыру бәсеңдеген. Солтүстікқазақстандықтарға айтарым, вирус жұқтырып, ауыр халде жатқан адамдар бар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы маңызды болса, міндетті түрде вакцина қойдырған жөн,- деді брифингте  СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.  
Тағы да оқыңыздар: COVID-19-бен ауыратын қазақстандықтарды өзін-өзі оқшаулауды бұзғаны үшін жазалайтын болады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные