КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын азаматтардан ПТР-тест талабы енгізілуі мүмкін

Источник: 7152.kz
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті деп хабарлайды, 7152.kz тілшісі  премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Отырыс барысында ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» («Үнді») штамына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:
-COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) ірі ұйымдасқан ұжымдардың (өнеркәсіптік кәсіпорындар), қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу;
-КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тест талабын енгізу;
-«Ashyq» жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерді қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персонал үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакцина салдыру қажеттілігі жөнінде талап енгізу;
-«Ashyq» жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу.
Тағы да оқыңыздар: Учаскелік инспекторларға жаңа көліктер берілді
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные