Облысқа отандық вакцина жеткізілді

Источник: 7152.kz
Солтүстік Қазақстанға отандық QAZVAC  вакцинасы жеткізілді.Ол 2 компонетті. Біріншісін алған адамдар 21 күннен кейін екіншісін егуі тиіс. Әзірге өңірге 2 мың дана препарат әкелінді, деп хабарлайды 7152.kz  тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасының мамандары оны қаланың 4 емханасы мен  Мамлют,М.Жұмабаев және Қызылжар аудандары арасында үйлестіріп берді. QAZVAC екпесін Спутник V вакцинасы сияқты жүкті, бала емізіп жүрген әйелдерге,  асқынған аурулары бар адамдар мен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге алуға болмайды.        
— Қарсы көрсетілімдер болмаса екпені кез-келген адам қабылдай алады.  Бүгін біз екпенің екі түрін де қолданып келеміз.  Алдағы уақытта қытайлық препарат та  жеткізіледі. Оған қоса, бір-екі күнде Спутник вакцинасының 7 мың дозасы әкелінеді деп күтудеміз. Екпе алуға келген адам вакцинаны таңдай алады,- деді СҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Құмар Күсемісов.
Бүгінгі күні облыста коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компанентін 21957 адам алса, екінші компанентті 6030 жерлесіміз салдырып үлгерді. Олардың барлығына Спутник V вакцинасы егілді.
Тағы да оқыңыздар: Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам мұқтаж отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные