Облыста карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Источник: 7152.kz
Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының азаюына байланысты бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО соңғы аптада ауруды жұқтыру 34 %-ға төмендеп, 242-ден 159 жағдайға түсті. 21 сәуірден бастап эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс «жасыл» аймақта. Осыған орай, облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Енді санитариялық талаптарды ескере отырып, азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларға, сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне уақыт шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілді. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты сағат 2.00-ге дейін ұзартылды, жазғы алаңдардың жұмыс уақыты сағат 7.00-ден сағат 2.00-ге дейін, 50 %-ға дейін толтырып, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді.  Боулингтер мен компьютерлік клубтарға келушілер санын 30 % -дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат.
Тағы да оқыңыздар: Облыс су қоймаларына 44 млн балық дернәсілі жіберілді
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные