Источник: 7152.kz
20 сәуірдегі жағдай бойынша облыста жалпы 13641 КВИ жұқтырған. Оның ішінде симптомы барлар – 8541, симптомсыз – 5100, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Соңғы тәулікте Солтүстік Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 27 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 16 жағдайда ауру белгілері бар. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, 12 сәуірден бастап өңірде шектеу шаралары күшейтілді, осы уақыт ішінде инфекцияның таралу қарқыны төмендепті.
— Соңғы аптада індет жұқтыру 3,7% — ға, 242-ден 251 жағдайға дейін өсті. Коронавирустың симптомды түрімен ауырып жатқан солтүстікқазақстандықтар басым. Сонымен қатар, соңғы жеті күнде КВИ — дің расталған және ықтимал жағдайларын тіркеуге негізделген Rt репродуктивті саны 33% — дан 1,3-тен 1,1-ге дейін төмендеді. Бұл жағдайдың тұрақты тенденциясын көрсетеді», — деді ол.
Сондай-ақ, облыста коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу белсенді жүріп жатыр. Вакцинаның бірінші компонентін 20990 адам алса, 3672 тұрғын вакцинациялаудың толық курсын аяқтады. Сәуірдің соңына дейін облысқа тағы 17 мың доза вакцинаның бірінші және екінші компоненті жеткізіледі деп күтілуде.
Тағы да оқыңыздар: Мамыр айынан бастап электр энергиясының тарифі өседі
Источник: 7152.kz