Источник: 7152.kz
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап COVID-19 ға қарсы жаппай вакцинация басталды. Бүгінгі таңда СҚО-да бірінші компонентті өңірдің 20 мыңнан астам тұрғыны алды, 3726 адам толық егілді. Бұл 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алғандар, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасы қолданыста. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен полицейлер екпе алды. Ал, қазір облыстың 18 жастан 65 жасқа дейінгі кез-келген тұрғыны қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда вакцинация алады.
Біздің өңір тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны алуға асық. Тіпті, кейбір қалалық емханаларда кезекте тұрғандар көп. Аудандар арасында Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов және Тайынша аудандарының халқы белсенділік танытуда. Ал ауылды жерде 50-ден астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырамыз десе, оларға дәрігерлер жылжымалы медициналық кешенмен барып, екпе жасай алады. Ол үшін препаратты сақтауға арналған контейнерлер жеткілікті.
Екпе салдыртқан солтүстікқазақстандықтарда жанама әсерлер болған жоқ. Вакцинация алғаннан кейін тек жергілікті ауырсынуды, гипертермия түріндегі көріністерді, яғни температураның жоғарылауын және аллергиялық реакцияларды атап өтуге болады. Облыстық көпбейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Асхат Молжігітов вакцинацияның маңыздылығы туралы айтты.
— Біз бәріміз вакцинация алмай, пандемияны тоқтату мүмкін емес. Вакцина бізге не береді? Вакцина бізге вирустан қорғаныс береді. Өйткені, COVID-19 жоғары жұқпалы. Сонымен қатар, біз құтқара алмаған пациенттердің көпшілігі инфекцияны жұқтыруды ауыр өткізді. Вакцинациядан кейін, егер адам ауырып қалса да, ол инфекцияны жеңіл түрде, ауыр асқынуларсыз өткізеді. Ең бастысы, бұл адамдар басқаларға жұқтырмайды,- деп түсіндірді дәрігер.
Солтүстік Қазақстанда қалалық емханалар мен аудандық ауруханаларда коронавирусқа қарсы екпені тегін алуға болады. Сондай-ақ, өңірдің денсаулық сақтау басқармасы қажет болса қосымша вакцинациялау пункттерін ашуды да жоспарлап отыр.
СҚО Денсаулық сақтау басқармасының, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС тапсырысы бойынша әзірленді
Тағы да оқыңыздар:Тасқын қаупі сейілді
Источник: 7152.kz