Жас медицина қызметкерлеріне 2,5 млн теңге көтермеақы төленеді

Источник: 7152.kz
Облыстың елдімекендеріне келетін медицина мамандарының көтермеақысын  өсіру мәселесі  Солтүстік Қазақстан облыстық маслихатының кезектен тыс 4 сессиясында бекітілді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 
Жас мамандарды тарту және облыста дәрігерлер тапшылығын азайту үшін, облыс әкімі Қ.Ақсақалов халықпен есептік кездесуінде жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын 1,5 млн. теңгеден 2,5 млн. теңгеге дейін арттыру туралы тапсырма берген болатын. Енді биылдан Петропавлдағы медициналық ұйымдарға жұмысқа кірген мамандар 1 500 000 млн теңге  көтермеақы алады. Ал егерде аудандарда жұмыс істеуге ниеттенсе  медицина қызметкерлеріне 2 500 000 млн теңге төленеді.  Мұндай қадам алдымен өңірдегі кадр тапшылығы мәселесін шешеді. 
-Осы шешім жобасында Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында қызметкермен еңбек шарты жасалғаннан кейін, міндетті түрде кемінде 5 жыл жұмыс істеуі керек. Біржолғы төлем түрінде оларға әлеуметтік қолдау көрсете отырып, ауылдық жерлерге, кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін медицина және фармацевтика қызметкерлерін тарту көзделген. Шарттың талаптары орындалмаған немесе жұмыстан мерзімінен бұрын босатылған жағдайда біржолғы төлемді алған адамнан алынған ақша сот тәртібімен өндіріп алынатын болады,- деді өз баяндамасында СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағанов.
Осы шешім қабылданған жағдайда 2021 жылы 128 жас маман тартылады деп күтілуде. 2020 жылы 72 дәрігер келген  болатын. Бүгінгі таңда біздің облыста 260-тан  астам медицина маманы жетіспейді. Негізінен жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар, кардиологтар және педиатрлар сұранысқа ие.  Қазіргі таңда СҚО денсаулық сақтау ұйымдарында 1 449 дәрігер және 5247 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. 
Тағы да оқыңыздар: Петропавлда «Ashyq» қосымшасы арқылы 4 карантин бұзушы анықталды
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные