Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 311 мың солтүстікқазақстандық вакцина алу қажет

Источник: 7152.kz
«Дельта» штамының таралуына жол бермеу мақсатында ел аумағында карантиндік режим енгізу жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қазіргі уақытта облыста коронавирустық науқастар үшін инфекциялық стационарларда 630 орын әзірленгенін айтты. Төсек қорының жүктемесі 24% құрайды. Медициналық мекемедегі 153 пациенттің 17 — сі жансақтау бөлімінде.
— Бүгінгі таңда СҚО-да халықты вакцинациялау науқаны жалғасуда. Өңір тұрғындары арасында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 311 мың солтүстікқазақстандық вакцина алу  қажет. Қазіргі уақытта бірінші компонентпен 90816 адам егілді, вакцинацияның толық курсын 62437 адам өтті. Бұл вакцинация ала алатын тұрғындардың  20% — ын құрайды, — деді Құмар Күсемісов  брифинг барысында.
Екпе алғысы келетін солтүстікқазақстандықтар үшін таңдау бар: бұл халық арасында танымал «Спутник V», отандық «Qazaс», қытайлық «CoronaVac» және араб өндірісіндегі «Hayt-Vax».
Күсемісов облыста егу пункттері жеткілікті екенін, олар медициналық мекемелерде де, сауда орталықтарында да, қоғамдық орындарда да жұмыс істейтінін атап өтті. Еліміздің басқа өңірлерінде бірінші компонентпен егілген солтүстікқазақстандықтар облыстың  кез келген егу пунктінде екінші компонентті ала алады.
Өз кезегінде СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Кушбасов өңір тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, оның ішінде әлеуметтік қашықтықты және жабық үй-жайларда және көшеде міндетті түрде қорғаныс маскаларын киюді сақтауға шақырды.
— Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 425 — бапқа сәйкес жеке тұлғаларға 30 АЕК-тен, заңды тұлғаларға 1500 АЕК-ке дейін айыппұл салу жауапкершілігі қарастырылған, — деп түсіндірді Күшбасов.
Қорытындылай келе, спикерлер аймақ тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға шақырды.
 Тағы да оқыңыздар: Президент мемлекеттік қызметшілерді құттықтады
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные