Облыс су қоймаларына 44 млн балық дернәсілі жіберілді

Источник: 7152.kz
 «Петропавл балық тәлімбағы» кәсіпорнының мамандары мемлекеттік тапсырыс аясында, Петропавл және Сергеев су қоймасына ақсаха тұқымдас балықтың 44 млн дернәсілін жіберді. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 45 млн-нан астам теңге көлемінде қаражат бөлінген, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
«Петропавл балық тәлімбағы» кәсіпорынының мамандары ақсаха тұқымдас балықтың дернәсілдерін өткен жылдың қараша айынан бастап өсірген. Олар инкубациялық цехта «Вейса» аппараттарында бапталады. Мына 10 литрлік шарада 100 мыңға жуық дернәсіл болуы мүмкін.
 — 10 литрлік шарада қанша дернәсіл барын анықтау үшін біз математикалық әдіс тәсілдерді қолданамыз. Ең алдымен 100 мл сынама аламыз. Мына ыдысқа дернәсілдерді жинаймыз да арнайы шыны табаққа құямыз. Мұны енді комиссия мүшелері санайды. Әрқайсысында шамамен 100-200-ге жуық дернәсіл болуы мүмкін. Сонда орташа есеппен 10 литрлік шарада100 мыңға жуық болады — дейді «Петропавл  балық  тәлімбағы» РМҚК инкубациялық цех меңгерушісі Анастасия Молоткова  
Су қоймаларына балықты тірідей жеткізу үшін мамандар арнайы политилен қапшықтарды оттегімен байытып, көлікпен өзендерге тасымалдайды. Ең алдымен 34 млн дернәсіл Сергеев су қоймасына, кейін Петропавл су қоймасына 10 млн. жіберіледі. Ал қалғандары табиғат пайдаланушыларына, яғни кәсіпкерлерге, зауыттарға сатылады.
 Сонымен қатар, күз мезгілінде тұқы балығының 1 млн шабағын көлдерге жіберуді жоспарлаған.
Тағы да оқыңыздар: «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды
 
 
 
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные