Облыста 5 жылда 100 млн түп ағаш отырғызылмақ

Источник: 7152.kz
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында алдағы 5 жылда мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Осы орайда  өңірде  өндірістік жоспар әзірленді. Оның  аясында  Солтүстік Қазақстан облысында 5 жылда 20 мың гектар жерге 100 млн көшет отырғызылмақ, деп хабарлайды 715.2 kz тілшісі.
Биыл өңірде 2 млн 750 мың қайың мен қарағай көшетін отырғызу жоспарланған. 5 жыл ішінде бұл мақсатқа 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ.
— Өткен жылы біз 762 гектар жерге көшет отырғыздық. Биыл біз бұл аумақты ұлғайтамыз. Келесі жылы 1700 гектарды қамтимыз. Осылайша екі есеге арттырдық. Ал, 2023 жылы 2100 гектар, 2024 жылы – 6350 гектар және 2025 жылы – 7000 гектар отырғызатын  боламыз- деді  СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Василий Лабанчук.
Үлкен жер учаскелеріне ағаш отырғызу үшін  орман шаруашылықтарының тәлімбақтары кеңейтіледі. Қосымша жұмыс күші, қажетті техника тартылады. Бүгінгі таңда облыстық мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 550 мың гектар. Оның 439 мыңын орманды алқап алып жатыр.
Тағы да оқыңыздар: Вакцинация не үшін қажет
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные