Источник: 7152.kz
Солтүстік Қазақстан облысында кандидаттар өтінішін қабылдау басталғалы праймеризге қатысуға 405 ниет білдірген, оның 173-і нәзік жандылар. Үміткерлердің ішінде – 7 көп балалы ана да бар, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Бұл тұралы «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова брифинг барысында мәлімдеді.
— Қатысуға өтініш бергендердің 46% — 35 жастан 50 жасқа дейінгі үміткерлер, 24% — 35 жасқа дейінгі азаматтар. Мамандықтарына келер болсақ, 49%- білім беру, 12%- шағын және орта бизнес саласының өкілдері. Тағы кандидаттардың арасында спорт, мәдениет, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығының мамандары бар, — деді Әсем Рахметова.
Праймериз қатысушыларының үгіт-насихат жұмыстары 7 қыркүйекте басталып, 3 қазан күні сағат 14.00-де аяқталады. Үгіт-насихат шараларына кандидаттар қаражатты өз қалталарынан шығарады. Бұл шетел азаматтарынан және мемлекеттік органдар есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.
— Әр кандидат өздерінің сайлауылды бағдарламаларын қоғамдық пікірсайыстарда қорғайды. Онда кез-келген адам тікелей сұрақ қоя алады. Дебаттың жалпы ұзақтығы 90 минуттан аспауы тиіс. Қалалық және аудандық мәслихаттарға үміткерлер кемінде бір пікірсайысқа қатысуы тиіс, облыстық мәслихатқа үміткерлер – екі пікірсайысқа, Мәжіліске – үш пікірсайысқа қатысуы тиіс, — деп қоса айтты төрағаның бірінші орынбасары.
Кандидаттар үшін дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.
Әсем Рахметова атап өткендей, үміткерлерге дауыс беру ашық өтеді. Ол үшін партия арнайы мобильді қосымша мен веб-портал әзірледі. Қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс беру 3 қазанда өтеді.
Басқа өзекті жаңалықтар: Североказахстанцы нарушают карантин.
Источник: 7152.kz