Қазақстанда 2021 жылы айлық есептік көрсеткішінің өзгеруі жоспарлануда

Источник: 7152.kz
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіші 2 917 теңгеге дейін көтеру жоспарланды, қазір оның мөлшері 2 778 теңгені құрайды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
1) жалақының ең төменгі мөлшері — 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 18 524 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері — 43 272 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 2 917 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі — 34 302 теңге, — делінген жобада.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілерге (шұғыл қызметтегі әскери қызметкерлерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне баспанасын ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерін 3 739 теңге сомасында белгілеу жоспарланды.
Басқа өзекті жаңалықтар: Пандемия кезінде жұмыстан шығып қалған жағдайда өтемақы талап етуге бола ма? Сұраққа заңгер жауап берді.
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные